Жарияланды: 340

Еуразиялық даму банкінің кеңесі банктің 2010 жылғы қорытындысы мен биылғы жоспарын мақұлдады

Кеше Мәскеуде Еуразиялық даму банкі кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Жиынға банк кеңесінің төрағасы, РФ Премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Алексей Кудрин, ЕАДБ мүше-мемлекеттердің өкілдері кеңес мүшелері: Қазақстан Республикасынан - Қаржы министрі Болат Жәмішев, Армения Республикасының қаржы министрі Ваче Габриелян, Беларусь үкімет басшысының орынбасары Сергей Румас, Тәжікстан Республикасынан - Қаржы министрі Сафарали Нажмеддинов қатысты. Кеңес барысында банктің ары қарайғы дамуына қатысты мәселелер талқыланып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Сондай-ақ кеңес банк басқармасының өткен жылғы есебі мен жылдық баланс, шығындар мен кірістер туралы есебін тыңдап, бекітті. Сонымен қатар банктің 2010 жылғы табысын бөлу мен резервтік қор құру туралы ұсынысты да бекітті. «Өткен жыл банк үшін табысты болды. Бізге аймақтағы рөлімізді айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік туды, инвестициялық қоржынымызды жаңа, маңызды жобалармен толықтыруға мүмкіндік пайда болды,-дейді банктің басқарма төрағасы Игорь Финогенов. «Инвестициялық портфель банк қызметінің негізгі көрсеткіші 2010 жылдың соңында 887,2 млн. долларға немесе 67,1 пайызға ұлғайып 2,2 млрд. доллардан асты. Жыл қорытындысы бойынша таза пайда 15,8 млн. долларға дейін ұлғайды», дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін