Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Саргсян 29-мамыр күні Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.
Ресей, Қазақстан мен Белоруссия басшылары бейсенбі күні Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоймақ. Құжат 2015-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.