Бүгін Астанада өткен экономикалық форумда осындай келісім бекітілді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Келісімге сүйенсек, іскерлік кеңес Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогы негізінде құрылады.
Кеңеске Армения Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы, Беларусь республикасының коммерциялық емес ұйымдар одағы, Қазақстан республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қырғыз республикасының Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы және «Ресейлік өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» кірді.
Іскерлік кеңес ЕАЭО мүше мемлекеттер іскерлерінің тұрақты қызмет ететін консультациялық-үйлестіру органы болып табылады.
Оған заңды тұлға мәртебесі берілмейді және қоғамдық негізде жұмыс істейді.