Еурокомиссияның вице-президенті Астананың Еуропаның көршілік саясатына бірігу ниетін қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еурокомиссияның вице-президенті Астананың Еуропаның  көршілік саясатына бірігу ниетін қолдайды

Еурокомиссияның вице-президенті Астананың Еуропаның көршілік саясатына бірігу ниетін қолдайды

АСТАНА. 4-қазан. Kazakhstan Today. Еурокомиссияның вице-президенті, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі комиссары Гюнтер Ферхойген Қазақстанның Еуропаның көршілік саясатына бірігу ниетін қолдайды. Бұл туралы ол Еуропалық Одақтың Брюссельдегі құрылымына алғашқы ресми сапармен жүрген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Қазан 2006
  • 501
Фото - Caravan.kz

Еурокомиссияның вице-президенті қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы ретінде Еуропалық Одақтың өңірдегі айрықша маңызды әріптесі болып табылады, деп атап өтті.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасына Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шешуші тұстарымен, сондай-ақ, еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатымен таныстырды.

Осыған байланысты Г.Ферхойген Еуропалық Одақ пен Қазақстанның экономикалық даму жоспарларының ұқсастығын атап өтті. Оның негізі — инновациялық саясат пен бәсекелестік қабілетті арттыру, деді ол. Еуропалық Одақ Қазақстанмен арадағы кең көлемді ынтымақтастықты одан әрі дамытудан мүдделі екенін комиссар растады.

Еуропалық Одақта 2004-жылы қабылданған көршілік саясат Еуропалық Одаққа интеграциялануға қатыспайтын көрші елдерге арналған. Ол Еуропалық Одақ пен Беларусь, Украина, Молдавия, Грузия, Армения және Әзербайжан секілді 16 елді қамтиды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр