Еуроодақ Эболамен күресуге 140 млн. еуро бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ Эболамен күресуге 140 млн. еуро бөледі

Еуроодақ Эболамен күресуге 140 млн. еуро бөледі

Еурокомиссия Батыс Африка елдеріндегі, атап айтқанда,

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz

Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия және Нигериядағы Эбола індетімен күресу үшін 140 миллион еуро бөледі, деп хабарлады еуропалық органның баспасөз қызметінен.

«Халықаралық қауымдастық тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке, гуманитарлық ұйымдардың талпыныстарына қарамастан жағдай нашарлайды. Бұл қауіппен күресу үшін қажетті медициналық жабдықты ұсынып, серіктестерімізге жүк тасымалдауда жәрдемдесуіміз керек», — деп атап өтті гуманитарлық көмек және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша еурокомиссар Кристалина Георгиева.

Бөлінетін 140 млн. еуроның 97 млн. еуросы денсаулық саласындағы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті жақсарту үшін және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Сьерра-Леоне және Либерия билігіне жөнелтіледі. 38 млн. еуро денсаулық сақтау жүйесін қолдауға бағытталады. 5 млн. еуро вирусты анықтайтын мобильді зертханаларды күшейтуге және медицина қызметкерлерінің шеберліктерін шыңдауға жұмсалмақ.