Еуроодақ шұғыл саммитін шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ шұғыл саммитін шақырды

Еуроодақ шұғыл саммитін шақырды

Грекия мен халықаралық несие берушілер Афиныға макроқаржылық көмек көрсетудің қазіргі бағдарламасын ұзартуға тағы да келісімге келе алмады.

  • 19 Маусым 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бейсенбі күні өткен брифингте Еуротоптың президенті Йерун Дейсселблум мәлімдеді.

«Аз ғана ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін өкінішпен айтуға тура келеді, әзірге келісім жасалмай отыр», — деді Йерун Дейсселблум.

Оның айтуынша, тараптардың Афины қаласына көмек көрсетудің қазіргі бағдарламасын ұзарту, оның аясында қалып отырған 7,2 млрд. еуроны алу мүмкіндігін беретін Грекия реформаларының жаңа жоспарын келісу үшін әлі де уақыт бар.

«Әлі де келісімге қол жеткізіп, қазіргі бағдарламаны айдың соңына дейін кеңейтуге болады», — деп атап өтті Дейсселблум.

Грекияның қарыз мәселесі бойынша келісім болмауына байланысты Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск Еуроаймақтың шұғыл саммитін шақыруға шешім қабылдады.


«Еуротоптың кездесу қорытындылары тұрғысынан бүгін мен дүйсенбі, 22 маусым күні сағат 19:00-де Еуроаймақ елдерінің саммитін шақыруға шешім қабылдадым. Грекияның жағдайын шұғыл түрде ең жоғары саяси деңгейде талқылайтын кез келді», — деп мәлімдеді Дональд Туск.