Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2003-жылғы бюджетінде Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 700 мың евро жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2003-жылғы бюджетінде Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 700 мың евро жоспарланған

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2003-жылғы бюджетінде Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 700 мың евро жоспарланған

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2003-жылғы бюджетінде Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 700 мың евро жоспарланған. Бұл туралы бүгін, 9-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұйымның оңтүстік астанадағы орталығының экономикалық және экологиялық мәселелер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Армандс Пуполс хабарлады.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 335
Фото - Caravan.kz

А.Пуполстың айтуынша, «биыл ұйым аясында бұрынғыдан өзгеше қаржылық ахуал қалыптасып отыр : бұған дейін жекелеген жобаларды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-донор елдер қаржыландырып келсе, биыл мұндай үрдіс қолданылмайды. Әзірге Венадан бюджеттің бекітілгені туралы жауап келген жоқ. Бірақ біз ұйым басшылығы қажетті қаржыны бөледі деген үміттеміз»,- дейді ол.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстан аумағында жүзеге асыратын бір жобасының құны 15-30 мың евроны құрайды. А.Пуполстың айтуынша, ұйым ай сайын 3-5 жобаны жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар