Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді

7-шілдеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасы, Нидерланды Корольдығының сыртқы істер министрі Яап де Хооп Схеффер ресми сапармен елімізге келгелі отыр. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 2 Шiлде 2003
  • 522
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Ұйым төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиевамен, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен, сондай-ақ, еліміздегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.

Сапар аясында Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы арасындағы әскери-саяси, экономика және экология, Ұйымның адамдық өлшемі саласындағы ынтымақтастығына қатысты көкейкесті мәселелер сараланбақ.
«Бұл сапар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының Орталық Азиядағы іс-қызетіне қосымша серпін береді»,- деп атап көрсетті ҚР СІМ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасының ресми сапары 2003-жылдың ақпан айына белгіленген болатын, алайда Ирак төңірегіндегі ахуалға байланысты сапар мерзімі кейінге шегерілді.

Соңғы жаңалықтар