Жарияланды: 380

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы С.Пасси ресми сапармен елімізге келеді - нақтыланған ақпарат

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Болгария сыртқы істер министрі Соломон Пасси ресми сапармен елімізге келеді. Бүгін, 5-сәуірде ол Алматыға ат басын тірейді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар аясында С.Пасси Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев, парламент мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай, ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов сынды ресми адамдармен жүздеседі. Сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы саяси партиялардың басшыларымен, бейресми ұйымдардың және БАҚ-тардың өкілдерімен кездеспекші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін