Еуропадан пана іздеген босқындар теміржол мен көшелерде әлі тентіреп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадан пана іздеген босқындар теміржол мен көшелерде әлі тентіреп жүр

Еуропадан пана іздеген босқындар теміржол мен көшелерде әлі тентіреп жүр

Еуропадан пана іздеген босқындар теміржол мен көшелерде әлі тентіреп жүр. Кәрі құрлыққа лап қойған заңсыз мигранттарды кіргізуге зауқы жоқ елдер оларды тіпті пойыздардан ұстап, шекарадан күштеп шығаруға тырысқан.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Соның салдарынан Венгриядағы Бичке қаласында қақтығыс болды. Будапешттен Германияға бас сауғалап келе жатқан жүздеген мигрантты жарты жолда тоқтатқан венгрлер оларды түнделетіп пойыздан түсіртіп өз елдеріне кері қумақ болған. Алайда отанына оралудан бас тартқан мигранттар жергілікті полициямен тіресіп те қалды. Елден елге шұбырған босқындардың кейбірі отбасымен далада түнеп жүр. Мәселен, мына бір топ Германияға дейін жаяу жетуге бекініпті. Аты-жөні жазылған тілдей құжат пен қолдарында бір дорбасы ғана бар олар енді дуанаға айналдық деп налып отыр.

— Бізге жуынуға да, тіпті, дәрет сындыруға рұқсат етпей отыр. Осында жүргенімізге 5-6 сағат болды. Нәр татқан жоқпыз. Су да ішпедік. Әбден ашындырды. Аштық жарияладық. Одан тиер пайда болса жақсы. Жағдайымыз тым нашар.

Соңғы жаңалықтар