Еуропалық Одақ рейтингтік агенттіктерді реттеуді күшейтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Одақ рейтингтік агенттіктерді реттеуді күшейтеді

Еуропалық Одақ рейтингтік агенттіктерді реттеуді күшейтеді

Алматы. 19 қыркүйек . "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақ рейтингтік агенттіктерді реттеуді күшейтеді, деп хабарлайды агенттік Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ішкі нарық және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Чарли МакКриви Еуропалық Одақтың реттеуші органдарына сұрау салып, оған жылдың аяғына дейін несиелік-рейтингтік агенттіктердің жуырда болған ипотекалық несиеге қатысты дағдарыс кезіндегі тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы есепті беріді сұрады.

«Чарли МакКриви рейтингтік агенттіктер пайдаланатын әдістеме мен іс-әрекеттер кодексін зерттемекші. Ондағы мақсат — соңғы бірнеше апта бойы дүниежүзінің қаржылық нарығындағы тұрақсыздыққа себеп болған АҚШ-тағы ипотекалық сектордағы қиындықтар туралы жай хабарлаудың себептерін анықтау болмақ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті