Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы 25-шілдеде Алматыға келеді
Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы Джони Акерхолм бастаған өкілдері алғашқы таныстық мақсатымен 25-шілдеде Алматыға келеді. Бұл туралы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінен хабарлады. |
Бір күндік сапар барысында Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченкомен, ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен, сондай-ақ, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездеседі.
Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңа бас хатшысы Джони Акерхолм бастаған өкілдер Ташкенттен қайтар жолда Алматыға ат басын тіремекші.
2003-жылдың маусым айындағы жағдаймен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы несиелік қоржыны 759 млн. евроны құрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін