Еуропалық журналистер Атырауда болып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық журналистер Атырауда болып қайтты

Еуропалық журналистер Атырауда болып қайтты

8-қарашада Австриядағы Қазақстан елшілігінің шақыруымен Еуропалық журналистер өкілдері Атырауда болып қайтты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Сапар мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Австрияға сапары қарсаңында Қазақстанмен етене жақын танысу.

  • 10 Қараша 2003
  • 421
Фото - Caravan.kz

Қонақтардың айтуынша, соңғы уақыттарда Еуропа елдерінде Орталық Азия республикаларымен, соның ішінде бірінші кезекте Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударылуда. Сапардың басты мақсаттарының бірі — Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен, республикада жұмыс істейтін Еуропалық компаниялардың жұмыс перспективасымен танысу болып табылады.

Атырау облысында делегация мүшелері Еуропалық бірқатар компаниялар жұмыс істейтін мұнайгаз секторына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, журналистер Теңізшевройл компаниясының қаржысымен Игілік атты әлеуметтік бағдарлама аясында салынған жаңа мектепте, жаңа облыстық ауруханада, сондай-ақ, Теңізшевройлдың кеңсесінде болды. Журналистер өкілдері Атыраудан Алматыға, одан Астанаға жол тартады. Бұл сапардан кейін олар Қазақстан туралы фильм түсірмек.

Соңғы жаңалықтар