Жарияланды: 270

EXPO сайтына хакерлік шабуыл жасалды

EXPO сайтына хакерлік шабуыл жасалды

ЭКСПО-2017 көрмесінің сайтына ауқымды хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«20 тамызда Астана уақытымен сағат 23-00 кейін expo2017.astana.com сайты орналасқан серверге ауқымды Ddos-шабуыл жасалды. Сайтқа әртүрлі IP-мекенжайлардан жасалған шабуыл барысында секундына 20 мың сұрау жолданып, серверді істен шығаруға әрекет жасалды», - деп хабарлайды көрменің қоғаммен байланыс департаменті.

Департамент мәліметінше, техникалық қызметтің бірлескен жұмысының арқасында сервердің жұмыс істеу қабілеті толық қалпына келтірілді. Ddos-шабуылының барлық деректері арнайы қызметтерге жіберілді.

«Сайт жұмысындағы уақытша ақаулар үшін кешірім сұраймыз», - деп мәлімдеді ЭКСПО өкілдері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін