EXPO-да «Көрме дизайны» санатында Ресейдің павильоны үздік деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EXPO-да «Көрме дизайны» санатында Ресейдің павильоны үздік деп танылды

EXPO-да «Көрме дизайны» санатында Ресейдің павильоны үздік деп танылды

[wpcode id="1694287"] Бүгін EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі жабылады. Осыған орай үш айға созылған іс-шараның қорытындыс

  • 10 Қыркүйек 2017
  • 241
Фото - Caravan.kz


Бүгін EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі жабылады. Осыған орай үш айға созылған іс-шараның қорытындысы шығып, үздік павильондар марапатталды. Бүгін EXPO-2017 халықаралық көрмесі де аяқталар тұсқа келіп жетті, деп хабарлайды 24.кз

Кез келген үлкен іс-шара секілді EXPO көрмесінде де үздік павильондар анықталды. Жалпы EXPO-ға қатысушыларды марапаттау рәсімі сонау 1851-ші жылы Лондон қаласында өткен тұңғыш дүниежүзілік көрмеден бастап дәстүрге айналған. Мұндағы мақсат – адамзат баласының идеялары мен жобаларын ынталандырып, өмірде жүзеге асыруға көмектесу. Астанадағы көрмеде ұйымдастырушылар «Көрме дизайны» және «Көрме тақырыбының ашылуы» атты екі санат бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Құрамында сәулет және халықаралық көрмелер саласындағы 9 маман кірген қазылар алқасы 100-ден астам павильондардың ішінен «Көрме дизайны» санатында Ресейдің павильонын үздік деп таныды. «700 шаршы метр және одан да көп аумағы бар павильондар арасындағы бәсеке өте тартысты өтті», – дейді мамандар. Орыстар бұл сында үздік үштікке кірген Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияның алдын орады.

 

Соңғы жаңалықтар