Facebook әлеуметтік желісінде оқырманы көп тұлғалар кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Facebook әлеуметтік желісінде оқырманы көп тұлғалар кімдер?

Facebook әлеуметтік желісінде оқырманы көп тұлғалар кімдер?

Facebook әлеуметтік желісіне 1,5 миллиард адам тіркелген екен. Ал оның миллионға жуығы қазақстандықтар екен.

  • 26 Қыркүйек 2018
  • 161
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы Facebook әлеуметтік желісінде оқырманы ең көп танымал тұлғаларды назарларыңызға ұсынады.

Нұртас Адамбаев

Қазақстандық продюсер, режиссер әрі актер Нұртас Адамбаев 62 мыңға жуық оқырманы бар екен. Актер желіде тек қана кино саласындағы жаңалықтарды ғана емес, елімізде болып жатқан жаңалықтар жайлы өз пікірін жазып, тіпті кейбір саясаткерлерді желіде сынап тастайды.

Мұхамеджан Тазабеков

Айтыскер ақын, “Асыл арна” телеарнасының басшысы Мұхамеджан Тазабековтың Facebook әлеуметтік желісінде 40 мыңға жуық оқырманы бар. Мұхамеджан Тазабеков парақшасында әлеуметтік, діни танымдық мәселелерді көп қозғайды.

Серік Абас Шах

“Ел арна” телеарнасының бұрынғы басшысы, журналист әрі продюсер Серік Абас Шах Facebook әлеуметтік желісінде оқырмандары көп жандардың бірі. Серік Абас Шахтың әзіл шыны аралас жазбаларын 26 мыңнан астам оқырман оқып отырады.


Ерлан Қарин

“Қазақстан” корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің Facebook әлеуметтік желісінде 20 мыңнан астам оқырман бар. Ерлан Қарин

“Қазақстан” ұлттық арнасындағы жаңалықтарды желіге салып, оқырмандардың пікірін Facebook арқылы біліп отырады.

Қайрат Нұртас

Қазақ эстрадасынадғы хитмен әншінің 19 мың оқырманы бар. Танымал әнші Facebook әлеуметтік желісіне соңғы рет 2017 жылы кірсе де, оқырмандары күн сайын көбеюде.

Соңғы жаңалықтар