Facebook екі миллиардыншы қолданушысын тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Facebook екі миллиардыншы қолданушысын тіркеді

Facebook екі миллиардыншы қолданушысын тіркеді

Facebook әлеуметтік желісінің бір айдағы белсенді қолданушылар саны екі миллиардқа жетті. Бұл туралы 27 маусымда компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг хабарлады.

  • 29 Маусым 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

"Бізге барлығын қосу үшін әлі талай жұмыс атқаруға тура келеді. Бірақ біз адамдарды тіркеп қана қоймай, оларды бір-біріне жақындастыра білуіміз керек", — деген пікір қалдырды Цукерберг өз жазбасының астына.

Facebook қолданушыларының саны бір миллиардқа 2012 жылы қазан айында жеткен еді, сол кезде компанияға бар болғаны сегіз жыл толған. Екінші миллиард межесі бес жылдан аз уақытта еңсерілді.

Facebook – әлемдегі ең ірі әрі ықпалды әлеуметтік желі. Компанияның капиталы 433,5 млрд долларға жетті. Мұнда 18770 адам (2017 жылдың наурызы) жұмыс істейді, орташа есеппен бір күнде 1,28 млрд адам әлеуметтік желіні пайдаланады, олардың 85,8 пайызы АҚШ пен Канададан басқа елдерде тұрады.


Соңғы жаңалықтар