Филадельфияда Қазақстанның инновациялық стратегиясының тұсаукесері жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Филадельфияда Қазақстанның инновациялық стратегиясының тұсаукесері жасалды

Филадельфияда Қазақстанның инновациялық стратегиясының тұсаукесері жасалды

22-қыркүйекте АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында Қазақстанның осы елдегі елшілігі 2015-жылға дейінгі индустиялық-инновациялық даму стратегиясының тұсаукесерін жасап, екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықтардың болашақ мүмкіндігі туралы талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 559
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесер рәсіміне қатысушы жоғары технологиялық және инвестициялық ірі компаниялардың басшылары Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Қанат Саудабаевтың баяндамасына ерекше назар аударды. Онда стратегияда басымдық берілген компьютерлік технологиялар, биотехнология, фармацевтика, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, көлік және телекоммуникациялар, ауылшаруашылығы қатарлы салалардағы ауқымды ынтымақтастық потенциалы атап көрсетілген болатын. Ынтымақтастықты дамытуға әсер ететін басты себептер ретінде еліміздегі саяси тұрақтылық, нарықтық экономика, қолайлы инвестициялық ахуал, жоғары кәсіби мамандар, дамыған банк секторы мен қазіргі заманғы бизнестік инфрақұрылымның қалыптасқандығы аталды.

Филадельфияның сауда департаментінің директоры Дж.Курато да сөйлеген сөзінде әсіресе жаңа салалардағы ынтымақтастық әлеуетіне баса назар аударды. Ол Қазақстан мен Пенсильвания арасындағы тауар айналымы 2002-жылы 15 млн. долларды құрап, жыл сайын арта түскенімен екі жақтың нақты мүмкіндіктерінен әлдеқайда төмен екенін атап өтті.
Тұсаукесерге қатысқан компания басшылары Қазақстандық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытты. Пенсильванияда ГлаксоВеллком», «Мерк», «Дженерал Электрик» тәрізді биотехнологиялық, фармацевтикалық, жоғары технологиялық ірі өнеркәсіптік корпорациялар мен «Ваковия» атты АҚШ көлеміндегі ең ірі банктердің бірі жұмыс істейді. Сондай-ақ, Филадельфияда бірқатар озық ғылыми-зерттеу орталықтары мен ірі университеттер орын тепкен.
Филадельфия орталығындағы «Интернэшнл Хаус» атты кинозалда халықаралық фестивальдардың жеңімпазы болып табылатын Қазақстандық фильмдердің көрсетілуі қаланың мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пенсильвания арасындағы сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар