Филиппин: Содырлар Сулу өлкесінің 16 тұрғынын өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Филиппин: Содырлар Сулу өлкесінің 16 тұрғынын өлтірді

Филиппин: Содырлар Сулу өлкесінің 16 тұрғынын өлтірді

Филиппиннің оңтүстігінде мұсылмандар мінген жолаушылар автобусына содырлар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

  • 28 Шiлде 2014
  • 424
Фото - Caravan.kz


Филиппин әскерилері бұл қылмысқа «Әл-Каидамен» байланысы болуы мүмкін «Абу Сайяф» исламшыл тобының содырларының қатысы бар екендігін айтуда.

Шамамен 40 адамнан тұратын содырлар отряды Сулу өлкесінің тұрғындарын Ораза айт мерекесін тойлауға  апара жатқан 2 автобусқа автоматтан оқу жаудырған. Филлипин билігінің ақпаратына қарағанда, өлгендер арасында «Абу Сайяф» содырлармен күресте әскерге тұрақты көмек көрсеткен 4 жасақшы да бар.