Жарияланды: 520

Fitch рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкіне берген "ВВ" деңгейдегі ұзақ мерзімді рейтингін растады

Fitch рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкіне берген "ВВ" деңгейдегі ұзақ мерзімді, "В" деңгейдегі қысқа мерзімді, сондай-ақ, "ЗТ" - қолдау рейтингін растады.

Рейтингтердің болашағы "позитивті" деп бағаланды. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігіне Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметінен хабарлады. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, банк акциялары пакетінің мемлекет иелігінде болуына және еліміздің өндірістік инфрақұрылымын дамытуда банктің атқаратын ролінің болашақта артатындығына сәйкес қаржы институтына осындай рейтинг беріліп отыр. Ал алдағы уақытта банк рейтингі шетелдік валюта бойынша дербес ұзақ мерзімді деңгейге дейін жоғарылатылуы мүмкін. Сондай-ақ, хабарламада атап көрсетілгеніндей, Қазақстан даму банкі ендігі жерде өз қаржысымен қатар ішкі және сыртқы капитал рыногі қаржысымен, синдикаттық несие және бюджет қаржысы есебінен жобаларды қаржыландыратын болады. Банк ақпаратына жүгінсек, бүгінгі таңда капитал мен банк активтері арақатынасы 50 проценттен артық тиісті деңгейді сақтап отыр. 2003-жылдан кейін басқа жақтан алынатын несиелер көлемі ұлғаюына байланысты бұл коэффицент кемуі мүмкін. Алайда 14 процент деңгейінде жоспарланып отырған банк капиталының жеткіліктілік мөлшері рисклерді басқару деңгейіне және сенімсіз несиелерге арналған провизиялар деңгейіне байланысты болмақ. 2001-жылы құрылған Қазақстан даму банкі еліміздегі капитал көлемі ең жоғары банкке саналады. Банктің 75 проценті экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі арқылы Қазақстан үкіметінің иелігінде болса, қалған 25 проценті 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктері арасында тең таратылған. Қазақстан даму банкінің директорлар кеңесі Елбасы бекіткен үш өкілден, сондай-ақ, үкіметтің төрт өкілінен құралған. Олардың арасында экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары да бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть