"FlyArystan әуекомпаниясына неге ешкімнің сөзі өтпейді": Алтынай Жорабаева президенттен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"FlyArystan әуекомпаниясына неге ешкімнің сөзі өтпейді": Алтынай Жорабаева президенттен көмек сұрады

"FlyArystan әуекомпаниясына неге ешкімнің сөзі өтпейді": Алтынай Жорабаева президенттен көмек сұрады

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әуекомпанияның заңдары сұмдық екенін айтты. 

  • 11 Қазан 2023
  • 121
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Әнші қазақтың киелі домбырасы үшін президенттен арпша сұрады. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақтың домбырасына қорған болуыңызды сұраймыз!
Қазақтың домбырасы неге талан-таражға түсіп
кетті?
Біресе ХАРАМ!
БІРЕСЕ қол жүкке жатпайды!
FlyArystan әуекомпаниясына неге ешкімнің сөзі өтпейді?! Басқа әуекомпаниялармен
әртiстерiмiз, домбырасымен ешқандай проблемасыз ұшып жүре береді ғой . Бұл FlyArystan қайдан шыққан “дәу” ?
Заңдарын қарасаңыз сұмдық енді Қаншама адам “ қойшы, шулатпай-ақ, заңға бағынып жүре берейікші, заң бәрімізге бірдей “ деп миға симайтын заңға бағынып жүр ! Бірақ домбыраға келгенде, ол заңды ұстану мүмкін емес!
Себебі, Айшолпанның өзінің 2 домбырасы багажға өткізгенде, сынып келген . Басқа да біраз әртістермен осы проблемалар болған. Ал үлкен сахнада жүрген әртістердің домбырасының құны 500 000 тенгеден жоғары тұрады . Ал, жүкке өткізіп, сынған домбыраны ешкім қалпына келтіріп берген жоқ екен. Оны әуекомпанияға айтсаң, Аэропорт
қызметкерлеріне сілтейді. Олар компанияларға сілтейді. Екі аяқты тоздырған соң, “ қойшы” деп қол сілтейді.
Амал қалмаған соң, сізге осылай айтуға мәжбүр болып, айтып отырмыз .
Көмегіңізге мұқтажбыз!", деп жазды.  

Соңғы жаңалықтар