Forbes тізіміндегі байдың иелігінде болған 3500 га жер мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Forbes тізіміндегі байдың иелігінде болған 3500 га жер мемлекетке қайтарылды

Forbes тізіміндегі байдың иелігінде болған 3500 га жер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысы прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы 2017 жылы Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкерге заңсыз берілген 3500 гектар жерді мемлекетке мал жаюға арналған жер тізімінен алып тастау арқылы қайтарды.

  • 16 Маусым 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жерді үшінші тұлғаларға беру фактісін болдырмау үшін аталған жерлерді жергілікті тұрғындарға ортақ жайылым ретінде беру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері прокурорлар кадастрлық құны 714 миллион теңге болатын 26,8 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Ол жерлер жоғары лауазымды шенеуніктер мен ірі кәсіпкерлерге тиесілі еді.

Бұл жерлер жылдар бойы нақты бір мақсатқа пайдаланылмаған, мал азығы дақылы өңделмеген, бұл шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық малы болмаған. Ал осы уақытта басқа диқандар егін мен жайылым жеріне өте мұқтаж болды.


Соңғы жаңалықтар