Франция азаматы қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өткені үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция азаматы қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өткені үшін сотталды

Франция азаматы қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өткені үшін сотталды

Алматы облысы Панфилов аудандық соты Франция азаматына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін үкім шығарды.

  • 5 Қараша 2014
  • 457
Фото - Caravan.kz


Шетел азаматы жалпы режімді түзеу колониясына екі жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық соттың бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Іс материалдарын зерттей отырып, сот шекара бұзушы Қазақстан тұрғыны емес, тұрғылықты жері жоқ, Қазақстанда жұмыс істемейді, құжатсыз және тиісті рұқсатсыз Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасының шекарасын бұзып белгіленбеген жерден әдейі заңсыз өтткенін анықтады.
Іс материалына сәйкес, Франция азаматы мемлекеттік шекарадан биыл қаңтар айында өткен. Оны жергілікті бақташы көріп, шекарашыларға хабар берген.