Франция Google-ден 1,6 млрд еуро төленбеген салықты талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция Google-ден 1,6 млрд еуро төленбеген салықты талап етті

Франция Google-ден 1,6 млрд еуро төленбеген салықты талап етті

Франция билігі америкалық интернет алыбы Google-ден төленбеген салық үшін өтемақы ретінде 1,6 млрд еуро талап етті, деп хабарлады ВВС агенттіг

  • 25 Ақпан 2016
  • 300
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін «Google» компаниясы британиялық билікке 130 млн. фунт салық төлеуге келісті.

«Франс пресс» агенттігінің ақпаратынша, «Google» басшылығы француз билігімен төлем жасау шарттарын талқылады, олар соманың бір бөлігін ғана төлеуі ықтимал.

Француз билігі мен «Google» өкілдері бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасамады.

Өткен жылы Еуроодақтың салық реттеушілері ЕО аумағында қызмет ететін ірі компаниялардың салықтық келісімшарттарын тексере бастады.


Өткен жылдың қазанында Еуропалық комиссия Starbucks кофехана желілерін және Fiat Chrysler автоконцернін 30 млн еуродан қосымша салық төлеуге міндеттеді.

Еурокомиссияның назарына ЕО аумағындағы «Apple» және «Amazon» компанияларының салық төлемдеріне назар аударды.