Жарияланды: 30

Францияда ыстық салдарынан үйлердің қабырғалары жарыла бастады

Францияда ыстық салдарынан үйлердің қабырғалары жарыла бастады

Францияда ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан сазды топырақта салынған үйлердің қабырғалары жарылып жатыр. Олар – шағын және ескі ауылдық ғимараттар.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар қабырғалардағы жарықшақтар төбенің опырылуына әкелуі мүмкін дейді. Сондай-ақ күннің ыстығына байланысты француз жүзімі мерзімінен бір ай бұрын піскен. Әдетте егін қыркүйек айының ортасында жиналады, енді егін жинау тамыз айында аяқталды.

Жайылымдарда ыстықтан шөптер қурап қалды, мал жейтін ештеңе жоқ. Көптеген фермерлер жануарларды қораларда ұстауға және қысқа жинаған жемшөп қорын жұмсауға мәжбүр.

Агросектор өкілдері биыл сүт кем дегенде 20%-ға аз болады деп ескертеді, Франция картоп пен бал тапшылығы болуы да мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін