Франциядағы президент сайлауы: Макрон көш бастап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франциядағы президент сайлауы: Макрон көш бастап тұр

Франциядағы президент сайлауы: Макрон көш бастап тұр

 

  • 11 Сәуiр 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон сайлаудың бірінші кезеңі бойынша көш бастап тұр — бюллетендердің 90 пайызы есептелгеннен кейін ол 27,40 пайыз дауыс жинаған, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші орында — 24,58 пайыз дауыс жинаған Марин Ле Пен. Үшінші орында — "Непокорившаяся Франция" партиясының басшысы Жан-Люк Меланшон (20,96 пайыз), төртінші — "Отвоевание" партиясының негізін қалаушы Эрик Земмур (6,94 пайыз). Бесінші орында — Республикалық партияның кандидаты Валери Пекресс (4,76 пайыз).

Хаттаманың 45 пайызы өңделгеннен кейін де Макрон көш бастап тұр. Ол 30,41 пайыз дауыс жинаған, одан кейін Меланшон (25,24 пайыз), үшінші — Ле Пен (16,76 пайыз).


Парижде бюллетендердің 42 пайызы есептелгеннен кейін Макрон 38,99 пайыз дауыспен бірінші тұр.

Президент сайлауының екінші кезеңі 24 сәуірде өтеді.

Соңғы жаңалықтар