Францияның "ALSTOM" компаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілік білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияның "ALSTOM" компаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілік білдірді

Францияның "ALSTOM" компаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілік білдірді

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Францияның "ALSTOM" компаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілілк білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2008
  • 728
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек Астана-Алматы жүрдек теміржол қатынасының жобасы бойынша «ALSTOM» француз компаниясы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасай бастау туралы келісім жасалды. Алдын ала есептеулер бойынша, екі қаланың арасындағы пойыз қатынасының уақыты 4 сағат қана болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар