Freedom Finance компаниясы қайтыс болған жандардың балаларына 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 200 мың теңгеден төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Freedom Finance компаниясы қайтыс болған жандардың балаларына 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 200 мың теңгеден төлейді

Freedom Finance компаниясы қайтыс болған жандардың балаларына 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 200 мың теңгеден төлейді

Freedom Finance компаниясы Семейдегі өрт кезінде қайтыс болған орманшылардың балаларына 18 жасқа дейін ай сайын 200 мың теңгеден төлейтінін айтты. 

  • 13 Маусым 2023
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы компанияның атқарушы директоры Тимур Турлов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Мен және менің әріптестерім қазаға ортақпыз, тілсіз жауда қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ешкім де бұл қайғылы жағдайға бей-жай қарай алмайды. Осындай сәтте бірлік пен ауызбіршілік, біздің көңіл айтып, көмек қолын созуымыз бүкіл салдарды көтеріп, осынау қиындықтарды еңсеруге, қайғы жұтқан жандарға қолдау көрсетіп, өңірді қалыпты жағдайға оралуға көмектеседі деп сенемін. 

Осындай қиын сәте біз менің әріптесім Ермек Ашкеновпен бірге қаза болған жандардың отбасыларына, әсіресе ата-анасы болашағына енді жағдай жасай алмайтын балаларға көмегімізді береміз деген шешім қабылдадық. Сол үшін де Freedom компаниялар тобы мен Semey Cement зауыты бұл отбасыларға сақтандыру полистерін сатып алады, ал  Freedom Life балалар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 200 мың аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыратын болады. Компаниямыздың тағдыры ертеңгі күні қалай болатынын білмейміз, бірақ сақтандыру компаниясы зейнетақымен қамсыздандыруға ұқсас төлем төлейтін болады.

Мен қазіргі заманда мүлде болмауы тиіс жағдайлар енді қайталанбайды деп үміттенемін. Адам өмірі — бәрінен де қымбат. Аман болайық", — деп жазды ол. 


 

Соңғы жаңалықтар