Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған спортшылардың есімдері - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған спортшылардың есімдері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған спортшылардың есімдері

1-10 ақпан күндері Түркияның Анталия қаласында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

  • 28 Қаңтар 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz


Қазақстан футбол федерациясының интернет сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда оны Құрама команда департаменті мен Сұрыптау және талдау бөлімі жасақтап отыр.

Бұл жиынға қақпашылардан — Андрей Сидельников, Александр Мокин мен Давид Лория, қорғаушылардан — Қайрат Нұрдәулетов, Михаил Рожков, Фархадбек Ирисметов, Самат Сымақов, Александр Кислицин, Владислав Чернышов, Александр Киров, Антон Чичулин, Ренат Абдулин, жартылай қорғаушылардан — Андрей Карпович, Қазбек Гетериев, Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Аслан Дарабаев, Максим Азовский, Дмитрий Шомко, Серікжан Мужиков, Сергей Скорых, Евгений Аверченко, шабуылшылардан — Нұрбол Жұмасқалиев, Сергей Хижниченко, Сергей Остапенко мен Андрей Финонченко шақырылған. Олар 9 ақпан күні Беларус құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болады.