Жарияланды: 640

Газ баллонының жарылуы салдарынан өрт сөндіру бөлімі күзетінің басшысы қаза тапты

Газ баллонының жарылуы салдарынан өрт сөндіру бөлімі күзетінің басшысы қаза тапты

Жітіқара өрт сөндіру бөлімі күзетінің басшысы Мақсұт Иманбаев газ баллонының жарылуы салдарынан туындаған өрт кезінде қаза тапты.  

Қайғылы оқиға 9 қараша күні таңертең ерте орын алды. Бұл кезде үйде ерлі-зайыпты болған, ұлдары туыстарында түнеді.  Оянған отағасы үйдің дәлізі өртеніп жатқанын байқады.  Ол әйелін оятып, қар арқылы қызыл жалынмен өзі арпалыспақ болды. Көршілері өрт сөндірушілерді шақырды. Оқиға орнында  2 автоцистерна мен 7 құтқарушы жұмыс жасады.

Баспана иесі әйелін құтқару үшін ішке кірді. Ол әйелін шыға беріске жеткізгенде газ баллоны жарылды.

Күзет бастығы Мақсұт Иманбаев ол кезде терезе арқылы үйге кірген. Соңынан келе жатқан әріптестерін құтқару үшін ол жанын пида етті. Алдын ала болжам бойынша құтқарушы  инфаркт салдарынан мерт болды.

Әйел адам денесінің үштен екі бөлігін күйік шалды. Қазір ол ауруханада жатыр. Күйеуі зардап шекпеді.

Елордалық арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр.

Қызметін атқару кезінде ажал құшқан Мақсұт Иманбаевты ертең жерлейді. Қаза тапқанның жанұясына жергілікті билік көңіл айтты.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін