Газеттерге жарнаманы көптеп тартуға болады - вице-министр Әжібаев - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газеттерге жарнаманы көптеп тартуға болады - вице-министр Әжібаев

Газеттерге жарнаманы көптеп тартуға болады - вице-министр Әжібаев

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевтың ойынша, бүгінде газеттер жарнаманы тарту жағынан барлық мүмкіндіктерді пайдаланбай келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 6 Қазан 2017
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Мәселен, газеттер прайсты көрсетіп, бір шаршы сантиметрге 500 теңге аламыз дейді. Түрлі жеңілдіктерді де ұсынады. Алайда газеттің өзін алып қарасақ, жарнаманың көлемі 10 пайыздан да аспайды. Кей кезде ол жарнама мүлдем болмай қалады. Негізі, барынша мобильді болу керек. Жарнама беруші үшін тиімді ұсыныстарды жасау қажет», — деді Әжібаев бүгін Өңірлік БАҚ форумында.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде газеттердің электронды нұсқасы да бар екенін ұмытпау қажет. Ол арқылы оқырман санын да, жарнаманы да арттыруға болады.

Мәселен, әлемге әйгілі «Financial Times» газетінің тарылымы — 1 млн дана. Соның ішінде 200 мың оқырман қағаз үлгісіне жазылса, қалғаны электронды нұсқасын оқиды. «Осының өзі — қыруар табыстың көзі. Біз баяғы Қазпошта жақтан оқырмандарды күтіп отырамыз», — деп атап көрсетті А.Әжібаев.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өңірлік БАҚ форумы ашылды. Сол жерде министр Дәурен Абаев Өңірлік БАҚ альясының немен айналысатынын айтып берді.  Бұдан бөлек, сайттардың рейтинг үшін жұмыс істеп жатқаны да сөз болды. 


 

Соңғы жаңалықтар