Газеттің бас редакторы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берілген медальдан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газеттің бас редакторы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берілген медальдан бас тартты

Газеттің бас редакторы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берілген медальдан бас тартты

БҚО Қазталов ауданындық «Ауыл айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жұмағалиев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өзіне берілген медальды алудан бас тарты.

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 538
Фото - Caravan.kz

Бас редактор мұндай шешімді өзі қабылдаған, деп хабарлады uralskweek.kz.

«Мен мұны жаман марапат деп есептемеймін. Бірақ біз адами құндылықтарды ұмытып кеттік. Менің билікке еш өкпем жоқ. Бірақ мен үшін рухани құндылықтар бәрінен жоғары тұрады. Сол үшін де бас тарттым»,- деді Серік Жұмағалиев,

Бас редактордың пайымдауынша, біздің қоғам ар-намыс дегеннің не екенін ұмытып кеткен. Мемлекеттік сыйлықтар өз маңызын жоғалтып алған. Медель бәріне жаппай беріліп жатыр екен.


«Мен ешкімді кінәламаймын. Біздің басылым тіпті марапатталғандар туралы жазып, құттықтап жатыр. Бірақ өз басым бас тартамын",- деп мәлімдеді Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар