Жарияланды: 470

"Газпром" ААҚ өзінің "ҚазРосГаз" ЖАҚ-ындағы үлесін 30%-тен 50%-ке дейін арттырады

21-шілдеде "Газпром" ААҚ-ның директорлар кеңесі "Қазросгаз" ЖАҚ-ның 20% акцияларын сатып алу туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Газпром" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Соның нәтижесінде компанияның жарғылық қорындағы Газпромның үлесі 30%-тен 50%-ке дейін өседі. Акциялар номиналдық құны бойынша сатып алынбақ. Акциялардың бұл пакеті бірінші эмисиядан кейін биржаның сауда-саттық алаңына шығарылмай қалған болатын. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "ҚазРосГаз" ЖАҚ Қазақстан және Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 2001-жылдың 28-қарашасындағы келісімге сәйкес құрылған болатын. Компанияның басты функциясы - Қазақстан газын өңдеу, тасымалдау, табиғи газ бен оны өңдеу өнімдерін ішкі және сыртқы рынокта сату, газға байланысты маркетингтік шаралар ұйымдастыру тәрізді операцияларды өткізуге саяды. Атап айтсақ, "ҚазРосГаз" ЖАҚ 2002-жылы Қарашығанақ кенішінде шығарылған 1,6 млрд. текше метр шикі газды сатып алып Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеуге жіберді. "ҚазРосГаз" ЖАҚ-ның құрылтайшылары арасында "Газпроммен" бірге 50%-тік үлес иемденетін "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ да бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть