Газсыз отырғанына налыған Атырау облысының тұрғыны жылап жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газсыз отырғанына налыған  Атырау облысының тұрғыны   жылап жіберді

Газсыз отырғанына налыған Атырау облысының тұрғыны жылап жіберді

Атырау облысындағы Махамбет ауданы орталығының тұрғындары 10 жылдан бері көгілдір отынсыз тіршілік етуде. Олардың айтуынша, әкімдік жер бөлгенде, су, газ және жарық тартып береміз деген екен. Бірақ, арада бірнеше жыл өтсе де, мұның барлығы сөз жүзінде қалған. Кейін тұрғындар су мен жарықты өз күштерімен тартып алған. Ал үйлерінің қасынан 200 метр қашықтықта жүріп жатқан газға әлі қолы жетпей отыр. Соның кесірінен жылу да жоқ.

  • 21 Тамыз 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

— Былтыр балам төртінші тоқсан сабаққа қатысқан жоқ.  Ауруханада  жатты. Ал соны кімнен көрем? Үйімнің салқындығынан көрмесем.

Ләззат Әбілтаева, Махамбет ауылдық аймағының тұрғыны:

Мына әкімдердің жасап отырғандары. Бюджеттің ақшасы қайда кетіп жатыр, кім сапырып жатыр? Басшылар неге сөйтіп газсыз отырмайды. Қазір қарап тұрсаң келеді, кетеді, үйін салады. Жағдайын жасайды, шарбағына дейін асфальттайды, халықты ашындырып болды !

«Шаттық» және «Мерей» ықшамаудандарының тұрғындары қазір бастарында  жаңа баспана бола тұра, пәтер жалдап жүр. Әрең салған үйлері жылудың жоқтығынан бірте-бірте бүлініп, жарамсыз күйге түскен. Жарық пен суды өз күштерімен тартқанымен, көгілдір отынға келгенде қалталары көтерер емес. Осы жағдайды пайдаланып қалмақ болған кей пысықайлар газды 500 мың теңгеге тартып береміз депті. Бірақ мұнда зейнеткерлер мен мұғалімдер ғана тұрады. Олар «мұндай ақшаны қалтамыз көтермейді» деп отыр. Ал әкімдіктегілер дайын емес жер телімдерін халыққа үлестіріп, әлдеқашан қызмет ауыстырып кеткен әріптестерін кіналап әлек.

Әділбек Зайдуллин, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары:

— Қазір ол жерде 100 пайыз үй салынған жоқ, 10-15 пайыз ғана салынған,  қазіргі уақытта аудан бойынша бағдарлама жасақталды, сол бойынша жұмыстанып жатырмыз. Жобалу сметалық құжаттамасы жасақталып, керек қаражаттың барлығы шығарылды.  Егер де қаржы шешілген жағдайда ол жұмысты аяқтауға әзірміз.