Генадий Головкин кезекті жекпе-жегін қазан айында өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Генадий Головкин кезекті жекпе-жегін қазан айында өткізеді

Генадий Головкин кезекті жекпе-жегін қазан айында өткізеді

Қазақстандық атақты кәсіпқой боксшы  Генадий Головкин, кезекті жекпе-жегін 18-қазан күні өткізеді. Екі бірдей тұжырымның орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы, бұл жолы мексикалық  Марко Антонио Рубиомен кездеседі. 

  • 21 Тамыз 2014
  • 378
Фото - Caravan.kz

Осы жылдың өзінде үш кездесу өткізген жерлесіміз оның бәрінде таза жеңіске жетті. 27- шілде күні өткен соңғы  матчта қаз майталманы аустралиялық Дэниэл Гилден мерейін асырды. Оның алдағы қарсыласы  өте тәжірибелі тіс қаққан шеберлердің бірінен саналады. Шаршы алаңда 66 кездесу өткізген Марко Рубио, 59 жекпе-жекті өз пайдасына шешкен. Оның ішінде елу бір бәсекені нокаутпен аяқтағаны көп жайдан хабар берсе керек.   Бокс сүйер қаумының назары ауған бұл матч 18-қараша күні Калифорния штатындағы Карсон қаласында өтеді. 

 «Наполи» мен «Атлетик » чемпиондар лигасының іріктеу раунды аясындағы алғашқы матчта тең ойнады. Неапольдағы «Сан Паоло» стадионында өткен  бәсекедегі есеп нәтижесі 1:1.

Бүгінгі кездесудегі алғашқы допты қонақтар салды.  Бұл гол үзіліске санаулы минуттар қалғанда сол қапталдан жеткен пасты қақпаға дәл бағыттаған Икер Муньяиннің еншісінде.  Жергілікті жанкүйерлердің демеуімен алға ұмтылған алаң иелері  екінші таймның ортасында таразы басын теңестірді. Бұл эпизодта Гонсало Игуаин мергендік танытты.  Италиялық «Наполи» мен испаниялық «Атлетик» арасындағы қарымта матч 27 –тамыз күні Бильбаода өтеді.  

Сондай-ақ «КТК» арнасындағы үлкен футбол бүгін де жалғасын таппақ. Чемпионда лигасының плей-офф бәсекесі жолында Францияның «Лилль» командасы португалияның «Портуына» қарсы ойнайды.

Қос команда да бұл матчта аянып қалмайтыны анық. Десе де португалдық футболшылар бұл жұпта фаворит. Француздар ішкі чемпионатта қос кездесу өткізіп үлгерген. Соның бірінде «Метцпен» тең ойнаса, «Кан» командасын 1:0 есебімен ұтты. Енді оларды жаңа сынақ күтіп тұр. «Лилль» мен «Порту» арасындағы матчты Астана уақытымен түңгі сағат 0:30 да тікелей эфирден жіберіп алмаңыздар. Ал бұл кездесуден кейін данияның «Ольборг» командасы мен Кипрлық  «Апоэль» клубы өзара мықты анықтайды.