Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады

Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады

 Boxrec.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жеңісінен кейін оның рейтингтегі орнын жаңартты.

  • 10 Сәуiр 2022
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) бірінші орынға жайғасты — оның балы 698.6.

Екінші орында – мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі уақыттағы рейтингі — 687.4 балл.

Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) кірді — 524.0 балл.


Еске салсақ, Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда өткен жекпе-жекте Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. Енді ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.

 

Соңғы жаңалықтар