деп кеше герман телевизиясы эфирінен Германиядағы ҰҚА қызметін тексеру жөніндегі Бундестаг комитетінің төрағасы Патрик Зензбург мәлімдеді.
Оның айтуынша, баспа машинкаларын пайдалану АҚШ-тың герман шенеуніктеріне қатысты тыңшылық әрекеті тұрғысынан заманауи технологияларға балама болуы мүмкін.
«Біз ішкі коммуникациямызды құпия ұстап, шифрленген электрондық пошта, криптотелефондар мен өзге шаралар қолдануға тырысуымыз қажет», дейді П.Зензбург.
Бұрын хабарланғандай, ГФР билігі ЦРУ резиденті герман қауіпсіздік қызметкерлерін өз жағына тартатынына күдік келтірген болатын.