Германия «ЭКСПО-2017» жұмысына белсенді қатысуға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия «ЭКСПО-2017» жұмысына белсенді қатысуға мүдделі

Германия «ЭКСПО-2017» жұмысына белсенді қатысуға мүдделі

Кеше ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев ГФР Бундестагының депутаты Юрген Климкемен кездест

  • 25 Қазан 2013
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан және Германия арасындағы сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастық, технология, инновациялар және баламалы және жаңартылатын энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ, неміс компанияларының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы мәселелерін талқылады.

Р. Жошыбаев Қазақстан үшін көрменің маңыздылығына, оның ел экономикасын әртараптандырудағы рөліне тоқталып өтті. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» комиссары Германия кәсіпорындарының озық технологиялар, соның ішінде «жасыл» энергетика саласында дүниежүзі бойынша көшбашылардың бірі болып табылатынын баса айтты.


Өз кезегінде Климке мырза Қазақстан және Германия арасындағы тығыз байланыстар және екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап айтты. «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысын жоғары бағалай келе, Бундестаг депутаты неміс қоғамында көрмені сапалы насихаттау жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді және «ЭКСПО-2017» жұмысына белсенді қатысуға мүдделілігін білдірді.