Германияда мигранттар қаңғыбасты жағып жіберді
![]() |
6 сириялық пен 1 Ливия азаматы кісі өлтіруге ұмтылды деп айыпталып отыр. |
Тергеу мәліметтері бойынша, мигранттар рождество мерекесі күні түнде Берлин метросында үйсіз-күйсіз жүрген азаматты жағып жіберген, деп хабарлайды Би-би-си. Бұл шабуылдан қаңғыбас зардап шеккен жоқ. Сол аймақта кетіп бара жатқан адамдар өртті сөндіріп, қаңғыбасты аман алып қалды. Полиция қызметкерлері бейнекамераға түскен көріністерді жария еткен соң, күдікті 6 азамат билік өкілдеріне өздері келіп берілген. Ал, осы оқиғаны ұйымдастырушы үйінің жанынан ұсталды. Күдіктілердің жастары 15 пен 21-дің аралығында. Олар Берлинге 2014-2015 жылдары келіп, өздеріне «баспана» беруді сұраған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін