Германияның экономика және технология министрі Қазақстанға сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның экономика және  технология министрі Қазақстанға сапармен келеді

Германияның экономика және технология министрі Қазақстанға сапармен келеді

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Германияның экономика және технология министрі Михаэль Глосс келесі аптада Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімхатын табыс ету рәсімінен кейін Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетер құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қазан 2007
  • 708
Фото - Caravan.kz

«Германияның экономика және технология жөніндегі федеративтік министрі Михаэль Глосс Қазақстан -Германия экономикалық форумына қатысу үшін келесі аптада ресми сапармен келеді», — деді елші.

«Қазақстан мен Германия арасындағы саясат, экономика және мәдениет салаларындағы қарым-қатынас әдетте өте жақсы болып келеді, бірақ, бүгін президенттің атап өткеніндей, оның әлеуеті әлі де сарқыла қойған жоқ және де біз осы қарым-қатынастың тиімділігі мен жақындығын бұдан да арттыра түсу үшін одан әрі жұмыс істей беретін боламыз», — деді ол.

Сенім грамотасын табыс ету рәсімі барысында Н. Назарбаев «Германияның Еропа құрлығындағы Қазақстанның, Германия үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы шешуші әріптесі болып табылатынын» атап өтті. «Қазақстан мен Германия арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынас біздің арамыздағы саяси диалогтың мазмұндылығымен, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуымен сипатталады», — деді ол.

«Республикамызда 220 мыңнан астам неміс диаспорасы өкілдерінің болуы мен Қазақстаннан Германияға қоныс аударушылар санының көптігі екі ел арасында айрықша қарым-қатынас орнауына септігін тигізді», — деді ол. «Біздің елдеріміз мәдени-гуманитарлық байланыстар аясын кеңейтуден, Қазақстан азаматтары үшін визалық процедураларды жеңілдетуден мүдделі», — деді президент.

«меніңше, өзара сауда-саттықтың оң серпінін нығайта түсу, сауда-экономикалық және инвестициялық-инновациялық қарым-қатынастардың әлеуетін кеңінен пайдалануға мүмкіндік бар деп санаймын», — деді Н. Назарбаев.

ҚР қаржы министрлігі кеден комитетінің мәліметінше, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2006 жылы $2,36 млрд болған. Жалпы алғанда Германия Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі Қазақстанның алтыншы әлеуетті әріптесі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті