Ғаламтордан мысықтар туралы бейнежазбаларды көру күйзелістен арылтады - ғалымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламтордан мысықтар туралы бейнежазбаларды көру күйзелістен арылтады - ғалымдар

Ғаламтордан мысықтар туралы бейнежазбаларды көру күйзелістен арылтады - ғалымдар

Ғаламторда мысықтар туралы түсірілген бейнематериалдар аса жоғары танымалдылыққа ие.

  • 19 Маусым 2015
  • 656
Фото - Caravan.kz

Зерттеушілер мысықтар туралы түсірілген бейнематериалдардың танымалдылығына зерттеу жүргізіп көрді: 2014 жылы YouTube желісіне шамамен 2 млн-ға жуық осындай видео салынған, оларды 26 млрд. адам тамашалаған. Яғни статистика бойынша, ғаламторда мысықтар туралы бейнежазбалар аса танымал. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай жазбалардың адамдарға терапевтік әсері бары да анықталды. 

Зерттеуге 7 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар олардың басты кейіпкері мысықтар болып табылатын бейнематериалдарды тамашалаған соң эмоциялық күйлерінің қалай өзгеретінін зерттеді.
Нәтижесінде, видеодан бұл жануарларды тамашалау олармен тірідей қарым-қатынас жасаудан кем түспейтін әсер беретіні анықталды: зерттеуге қатысушылардың күйзелісі азайып, көңіл-күйлері жақсарған, олар ашу-ыза, тұнжырау немесе мазасыздану тәрізді жағымсыз эмоцияларды барынша аз сезінген, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.