Арғындардың шығу тегі тарихшыларды ғана ойландырып отырған жоқ, деп жазады "КАРАВАН" газеті. Өйткені олар, қазақтың басқа руларына қарағанда, тарих сахнасында аяқ астынан әрі кеш пайда болған. Арғындар түрлі дерек көздерінде тек ХIV-XV ғасырлардан ғана ұшыраса бастайды. Көбінесе олардың ежелгі ғұндармен ("ар" және "ғын" ("ғұн" сөзінің өзгерген түрі) генетикалық байланысы бар екені байқалады.
Марал Томпиев бұл тақырыпты жан-жақты зерттеген. Түпкі деректерді, топоним, этноним, лингвистиканы, ауызша және жазбаша мифологияны, климатты қарап, тіпті қазіргі арғындардың ДНК анализін жасаған.
"ДНК-генеалогия деген ғылым пайда болғанда, көптеген арғындардан ДНК анализін жасауды сұрадым. Бұл 2012 жыл болатын. Мыңға жуық анализ жиналды. Солардың 80 пайызы G1 гаплотобына жататын болып шықты. Арғындар — қазақтардың арасында осындай гаплотопқа жататын жалғыз ру. Басында бұған сенбедім. Тағы 500 адам тест тапсырды. Тағы да 80 пайыз болып шықты. "Бұл қалай болғаны?" дедім. Өйткені G1 гаплотобы Оңтүстік Каспийде, Солтүстік Иранда кездеседі. Осыны нақтылау үшін Иранға барып келдім" дейді Марал Томпиев.
Сөйтіп, ғалымдар арғындардың арғы аталары Иранда өмір сүрген деген ұйғарым жасап отыр.