Жарияланды: 390

Ғалымдар балаларға ең зиянды тағамдарды айтып берді

Ғалымдар балаларға ең зиянды тағамдарды айтып берді

Сингапурлық мамандар АҚШ ғалымдарымен бірлесе отырып, болашақ ұрпақ үшін ең зиянды тағамды анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды planet-today.ru.

Зерттеу барысында белгілі болғандай, балаларға жедел даярланатын тағамдар, соның ішінде қуырылған тауық, картофель фри, чизбургер, чипсы және басқа да осы тектес тағамдар өте зиянды екені анықталды.  Оған қоса құрамында тәттілігі жоғары кәмпит, шоколадтарды да мөлшермен беру керек.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, артық салмақ біткен жасөспірімдер қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, әдеттегі чипсы мен үйде пісірілген картоп бір нәрседен жасалғанымен, олардың құрамының айырмашылығы жер мен көктей. Чипсы құрамында калория көп болады, алайда оның адам ағзасына еш пайдасы болмайды.

Мамандар ата-аналарға балаларының қалай тамақтанып жүргенін мұқият қадағалап отыру керектігін ескертеді. Тек осылайша ғана физикалық және психологиялық тұрғыда сау ұрпақ тәрбиелеп өсіруге мүмкіндік туады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін