Ғалымдар коронавирустың адам ағзасында неше күн сақталатынын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар коронавирустың адам ағзасында неше күн сақталатынын анықтады

Ғалымдар коронавирустың адам ағзасында неше күн сақталатынын анықтады

Қытай ғалымдары коронавирустың адам ағзасында қашанға дейін сақталатынын анықтады.

  • 29 Наурыз 2020
  • 165
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында Пекин қаласындағы медициналық орталықта жүргізіліпті. Ғалымдар 16 науқастың мәліметіне талдау жасаған. Нәтижесінде қауіпті індетті жұқтығандардың ағзасында COVID-19 вирусы 1-8 күн сақталған.

"Аурудың белгілері жоғалғанымен науқастардың жартысының ағзасы вирусты бөлген. Бұл зерттеу жұмысының айтарлықтай нәтижелі болғанын көрсетеді", — дейді зеттеуге қатысқан дәрігер Локеша Шарма.

Сондықтан ғалымдар індеттен жазылған науқастарды 1-2 аптаға карантинге жатқызып, бақылауда ұстауға кеңес берді.

Сондай-ақ, зерттеу жұмысының қорытындысы иммун жүйесі әлсіз, егде жастағы науқастарға қатысы бар-жоқтығы белгісіз болып отыр. Дәрігерлердің болжамынша, олардың ағзасында вирус ұзақ сақталуы мүмкін.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 570 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, ал 26 мыңнан астам науқас аурудан көз жұмды.

Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандар саны 251-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар