Ғалымдардың айтуынша, қара қарақат қатерлік ісіктің, Альцгеймер ауруының, жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға, көздің көру қабілетін жоғары деңгейде сақтауға жәрдемдесіп, егде жастағы адамдардың ақыл-ой қабілетінің төмендеп кетуіне жол бермейді. Ағзаңызды кальциймен қамтамасыз ету үшін күніне 20 дана қарақат жеу керек.
Әрі бұл жидекте адам ағзасы үшін аса пайдалы антиоксиданттар да мол, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.