Ғалымдар: қараңғыда болу есту қабілетін жақсартады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: қараңғыда болу есту қабілетін жақсартады

Ғалымдар: қараңғыда болу есту қабілетін жақсартады

 Музыкалық сарапшылар Рэй Чарльз бен Стиви Уандер сияқты зағип музыканттар көздің көрмеуі есту қабілетін жақсартатынына айғақ екенін жиі айтады. Енді жаңа неврологиялық зерттеу бұл фактіні растауда, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 30 Маусым 2014
  • 439
Фото - Caravan.kz

Ғалымдар   адамның қараңғыда бір апта болуы дыбыстарды тез қабылдауға ми қабілетін жақсарту үшін жеткілікті болатынын анықтады.

Джон  Хопкинс  университеті мен  Мэриленд университетінің мамандары тышқан миындағы көру мен есту арасындағы байланысты зерттеді. Олар көру мен естуді басқаруға жауап беретін ми бөлігіндегі қосынды әр  қабілеттің әрекетін арттыру үшін бірлесіп қызмет ететінін анықтады.

Ғалымдар осы зерттеу нәтижелері құлағында мүкісі бар адамдарға сәл де болса көмегі тиетініне үміт артуда.