Жарияланды: 40

Ғалымдар смартфонның тағы бір кесірін тапты

Ғалымдар смартфонның тағы бір кесірін тапты

Сан-Франциско университетінің зерттеушілері электронды құрылғыларға тәуелділік күн сайын көбейіп келе жатқанын және ол адамдарды бақытсыз ететінін анықтады.

Бұл туралы Вaq.kzақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдар смартфонды жиі ұстайтын адамдардың миында тәуелді болып қалатын неврологиялық байланыс жай-жай қалыптасады деген қорытынды шығарды. Мұндай жағдай ауруды басатын дәріні ішетін адамдарда да болады.

Мамандардың айтуынша, гаджеттер әлеуметтік байланыстарға да кері әсер етеді. 135 студентке сауалнама жүргізгеннен кейін олардың көбісі өздерін жалғыз сезінетіні анықталды. Мұнымен қоса, әлеуметтік желілерде көп отыратын адамдар бейвербалды қатынас: жест, мимика, интонация жасамайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть