олар бұл жөнінде Орландодағы американдық жүрек қоғамының кезекті кездесуінде айтып берді, деп хабарлады РИА Новости.
«Соңғы 50 жылда АҚШ аумағында мейрамханаларда өнеркәсіптік түрде дайындалған тамақты жеу немесе оларды өздерімен бірге үйге әкелу үрдісі елеулі түрде өсті. Сонымен қоса екінші типті диабеттің таралуы да арта түсті, деп әңгімеледі Гарвард университетінен Гэн Цзун.
Цзун және оның әріптестері 58 мың әйел мен 41 мың ер адамдардың денсаулығын 40 жыл бойы бақылау барысында жиналған мәліметтерді талдай отырып, үйдің тамағы организм үшін ең қауіпсіз екенін және диабет дамуы мүмкіндігі өсуіне жол бермейтінін анықтады.
АҚШ-тың басты медициналық мекемелерінде орта буын маман болып жұмыс жасайтын экспериментке қатысушылардың барлығы да ешқандай жүрек аурулары дертіне, артық салмақ немесе диабет ауруларына ұшырамаған болатын, бұл ғалымдардың тамақтың және басқа да факторлардың олардың өміріне қалай әсер ететінін бақылауына мүмкіндік берді..
Талдау көбіне үй тамағын жеген медбикелерде диабет дамуы мониторингіге қалған қатысушыларға қарағанда шамамен 13 пайыз төмен болғанын көрсетті. Мұндай әсерге қол жеткізу үшін Цзун мен оның әріптестерінің есептері көрсеткендей, аптасына 11-14 порция үй тамағын жеу жеткілікті болмақ.