Ғалымдар: жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынау пайдалы - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынау пайдалы

Ғалымдар: жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынау пайдалы

Жапония ғалымдары жұмысқа екі түрлі жолмен жететін адамдардың денсаулығын салыстырды.

  • 10 Қараша 2015
  • 469
Фото - Caravan.kz


Осы ретте өткізілген сынаққа жас шамасы 50-ге келіп қалған 6 мың адам қатысқан.  Олардың тең жартысы жұмысқа қоғамдық көлікпен барса, қалғандары жеке көлік мініп жеткен, деп жазады 24.kz.

3 жылға созылған тәжірибе нәтижесіне сәйкес, қоғамдық көлікпен жүргендердің денсаулығы мықты болатыны анықталды, деп жазады informing.ru. Мамандардың айтуынша, олардың қан қысымы қалыпты болып, диабет пен артық салмақ дегенді білмейді екен. Сөйтсе, жұмыс орнына қоғамдық көлікпен немесе велосипедпен бару семіздіктің пайда болуын 44 пайызға, қан қысымының артуын 27 пайызға, ал диабеттің пайда болу қаупін 34%-ға азайтқан. Мұның өзінде қоғамдық көлікпен жүретін жолға 20 минут уақыт жұмсалуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар