Ғимарат тұрғызғаннан гөрі бала туу жеңілдеу – Бауыржан Байбек - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғимарат тұрғызғаннан гөрі бала туу жеңілдеу – Бауыржан Байбек

Ғимарат тұрғызғаннан гөрі бала туу жеңілдеу – Бауыржан Байбек

Алматыда неліктен балабақша мен мектептер жетіспейтінін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында жауап берді, деп x

  • 9 Қараша 2017
  • 188
Фото - Caravan.kz

Алматыда неліктен балабақша мен мектептер жетіспейтінін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында жауап берді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алматыда миграциялық қозғалыс жоғары. Еліміздің әрбір 3-ші студенті Алматыда оқиды. Олардың 70%-ы оқу бітірген соң осында қалады. Бір жағынан жақсы болғанымен, бір жағынан салмақ түсіреді. Туу көрсеткіші артады. Балабақшаны көп салатын болсақ отбасын құрып, балалы болатын жастарымыз да артады. Бұл деген әрине жақсы. Бірақ біз үлгермейміз”, — деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі мектеп жетіспеушілігі мәселесін де айта кетті. 2016 жылы Алматы мектептерінің табалдырығын 12 мың бала аттаса, ал биыл олардың саны 16 мыңды құраған.

«Жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар саны 12 мыңға артуда, яғни 42 балабақша қажет деген сөз. Жүз пайызға орындаймыз десек те, екі жылда 24 мыңнан асып кетті. Бұл енді басқа сан. Яғни жүз пайызға орындай алмаймыз. Үлкен инфрақұрылымды тұрғызғаннан гөрі бала туу жеңілдеу. Адамдар кезекте тұрғанда, біз балабақша салғанда оларға не дейміз? Жас отбасында егер жұбайы бала босанып, оны ешқайда бере алмаса, отбасының табысы екі есеге азаяды. Екі-үш жыл күту керек», — деді Бауыржан Байбек.

Сонымен бірге әкім жеке бизнесті ынталандырудың арқасында 2 жылда коттедждерде 10,4 мың орынды 262 мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелер ашылғанын атап өтті. Мектеп жасына дейінгі мемлекеттік мекемелерді оңтайландыру барысында тағы да қосымша 1200 орын пайда болды. Соның арқасында бүгінде мектеп жасына дейінгі тәрбиемен балалардың 81,2%-ы қамтылған, бұл ОЭСР елдері (84%) деңгейімен бірдей.


Соңғы жаңалықтар